Дауылды ескерту жарияланды

Фото: pixabay

6 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Атырау облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-18 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында оңтүстік және оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жел екпіні 15 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың солтүстігінде де жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың орталығы, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аудандарда түнде 1 градус үсік күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының батысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс және шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жел екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және тұман түседі. Облыста төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.