66 жастағы ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: ugolovka.com

Солтүстік Қазақстан облысында 66 жастағы ер адам 89 жастағы анасын балтамен өлтірді деген күдікке ілінді. Оқиға Благовещенка ауылында болған,- деп хабарлайды infohub.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында қарт әйелді қатыгездікпен өлтіру оқиғасы тіркелді. Күдікті ретінде оның ұлы ұсталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға Благовещенка ауылында болған. Полиция мәліметінше, 89 жастағы зейнеткер 66 жастағы ұлынан картоп қазуға көмектесуін сұраған. Кейін оның денесі зорлық-зомбылық белгілерімен ұлының үйінің ауласынан табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, әйелді балтамен өлтірген.

Көршілердің айтуынша, қарт әйел ұлын көмекке шақырған, бірақ оның орнына қатыгез шабуылдың құрбаны болған. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қасақана кісі өлтіру фактісін растап, күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Полиция қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.