Францияда аптап ыстықтан 7 мың адам қайтыс болды

фото: BFM

Францияның Денсаулық сақтау министрлігі биыл жаздағы аптап ыстықтан көз жұмғандар санын есептеді. Бұл туралы BFMTV хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Франция денсаулық сақтау министрі Стефани Рист шілде айының соңына дейін елде бірнеше рет қайталанған аптап ыстыққа байланысты 7 мыңнан астам өлім тіркелгенін мәлімдеді.

"Біз үш ай бойы аптап ыстықтан зардап шегіп келеміз. Бұдан бірнеше қорытынды жасауға болады: денсаулық сақтау жүйесі төтеп беруде, бірақ шілде айының соңына қарай бізде 7 мың адамның артық өлімі тіркелді", - деді ол телеарна эфирінде.

Рист аптап ыстықтың құрбандары негізінен ірі қалаларда тұратын жалғызбасты адамдар екенін атап өтті.

Сондай-ақ министр қалыптасқан жағдайға қарамастан, Франциядағы аномальды ауа райынан болған өлім көрсеткіші Германияға қарағанда төмен екенін қосты.