Дүкенде төбелесіп, бір адам зардап шекті

islam.kz

Алматының Түрксіб ауданындағы азық-түлік дүкенінде жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам зардап шекті.

Алматы қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында жанжал Түрксіб ауданындағы шағын азық-түлік дүкенінде болған. Оқиға екі ағайынды мен дүкен қызметкерінің арасында туындады. Сөз таластыру арты төбелеске ұласты.

Төбелес кезінде қатысушылардың бірі кеуде тұсынан өткір затпен жарақат алды. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілді. Учаскелік инспектор жанжалға қатысушыларды жедел ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әрбір қатысушының әрекеті мен рөліне құқықтық баға беріледі.