Турист аяғын қайырып алып, тауда жүре алмай қалды

фото скрин

Құтқарушылар тауда туристке көмек көрсетті. Түнде Алматы облысының Қарасай ауданында, «Терра» алаңы маңында, 2600 метр биіктікте турист әйел аяғын қайырып алып, өздігінен жүріп-тұра алмаған.

Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары оқиға орнына жетіп, қажетті көмек көрсетті және зардап шеккен әйелді қауіпсіз жерге түсіруді ұйымдастырды.

Төменге түсірілгеннен кейін турист әйелді одан әрі ауруханаға жеткізу үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.