Жол апатынан жүргізуші қаза тапты

фото скрин

Қарағандының Майқұдық тұрғын алабында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты.

Жол апаты бүгін, 6 қыркүйекте, сағат 07:30 шамасында К. Маркс көшесінде болған. Chevrolet Cobalt автокөлігі мен Yutong бағытындағы автобус жол апатына түскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің 36 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.