Италия Республикасының Премьер-министрі Джорджа Мелони Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы достық үшін алғыс білдірді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
— Стратегиялық көзқарасы қалыптасқан әрі болашаққа ұмтылатын көшбасшымен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен қуаныш. Біз Италия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, энергетика мен аса маңызды минералдық ресурстардан бастап, жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастыққа дейінгі бағыттарда жаңа стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып келеміз.
Халықтарымыздың өсіп-өркендеуі мен әл-ауқаты үшін осы жолдағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз, — деп жазды ол.