Марқакөл орман шаруашылығында орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелері табиғи өртті сөндіруде

ТЖМ

Өртті сөндіру жұмыстары жетуі қиын жерде жүргізілуде. Жұмысқа орман күзетінің күші мен ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 техника бірлігі, «Қазавиалесоохрана» қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды.

Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тікұшақ жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай тартылған қызметтердің бақылауында.