Трамп Айды АҚШ-тың меншігі деп атады

Фото: скриншот

Сондай-ақ ол Нью-Мексико штатын «Нью-Америка» деп атау туралы ұсынысқа пікір білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Айды Америка Құрама Штаттарына тиесілі деп мәлімдеді.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Айдың суретін жариялап, оған «Ай – біздікі» деген жазба мен АҚШ туын орналастырған. Президент бұл жарияланымына қатысты қосымша түсініктеме бермеді.

Сондай-ақ ол Нью-Мексико штатын «Нью-Америка» деп атау туралы ұсынысқа пікір білдірді.

«Бұл штат тұрғындары үшін әлдеқайда беделді әрі әдемі естіледі. Уау, маған ұнайды!» – деп жазды Трамп.

Жарияланымға жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейне де тіркелген. Онда Трамп Нью-Мексико атауы жазылған жол белгісін «Нью-Америка» деп өзгертіп жатқандай көрсетілген.

Трамп бұған дейін де бірқатар географиялық нысандардың атауын өзгерту туралы бастамалар көтерген.