Қызылжарлық зейнеткер 89 жастағы анасын өлтірді

Қызылжарлық зейнеткер анасын балтамен ұрып өлтірді. Оқиға Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында болған. 89 жастағы қарияның мәйіті ауласынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ана мен баланың арасында  жанжал туындаған. Ашуға булыққан 66 жастағы ер адам қарт анасының басын балтамен ұрған көрінеді. Кейуана  сол жерде қайтыс болды. Күдікті  қайғылы оқиға жөнінде полицейлерге өзі хабарлаған.

ЮРИЙ КЛЫКОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Благовещенка ауылында жеке үйдің ауласынан 89 жастағы қарияның денесі табылды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен оның 66 жастағы баласы ұсталды. Зейнеткерді өлтіру дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.