Алматы облысында аулаға ойнауға шыққан екі бірдей бүлдіршінді көлік қағып кетті. Балалар ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының сәті бейнебақылау камерасына түсіп, желіде тарады.
ҒАЗИЗА ӘМІРБЕК, ТІЛШІ:
Оқиға дәл осы аулада болған. Үйден шыққан 2 бала мына жолмен жүгіріп өтпек болған көрінеді. Бірақ шыға берген сәтте оларды көлік соғып, бірнеше метрге ұшырып жіберген. Болған жайт камераға анық түскен.
Тұрғындардың айтуынша, автомобильдің жылдамдығы шамамен сағатына 40 шақырым болған. Жарақат алған балалар дереу ауруханаға жеткізілді.
ЖАНАР ТІЛЕУЛЕСҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жағы ісіп кеткен, қанаған. Уже дәу болып ісіп бара жатты, тез тез скорый алып кетейік болмайды деп. Мамасы өзі шок. Шамамыз келгенше қасында көмектесіп, скорый келгенше жүрдік. Негізі басында талап еткенбіз лежащий қойсын деп. 2-3 баланы қаққан болатын.
Осы оқиғадан кейін тұрғындар ауладағы көлік қозғалысының қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Әсіресе балалар ойнайтын аумақта жүргізушілердің жылдамдықты төмендетуін талап етеді.
ДИЛЬНАЗ ИСЛАМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Именно осындай жағдай уже 3-ші рет. Осы қызбен 2 рет болды, оның алдында тағы бір бала болған. Ой болу керек қой мынандай территорияға кірген кезде площадка қатты жақын кішкене асықпай жүру керек. Конечно лежачий полицейский бұл дополнительный болып жүреді ол да лишний болмайды деп ойлаймын.
Полиция көлік жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен 25 жастағы Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Қағу салдарынан балалар түрлі дене жарақаттарын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция жүргізушілерді, әсіресе балалар көп жүретін тұрғын үй аулаларында, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Мамандар қауіпсіздік ең алдымен жүргізушінің мұқияттылығы мен жауапкершілігіне байланысты екенін ескертеді.