"Криптовалюта түрінде микрокредит береміз" деп жұртты алдағандар анықталды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2026

"Криптовалюта түрінде микрокредит береміз". Алматыда күдікті интернет-ресурсқа қатысты тергеу басталды. Alemcredit.com сайты арқылы жасалған алаяқтық дерегі тексеріліп жатыр. Күдіктілер әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды тиімді шарттармен қарыз алуға үгіттеген. Несие рәсімдеу кезінде тұрғындардан жеке деректерін енгізіп, электрондық құжаттарға қол қою талап етілген. Рәсім аяқталған соң талаптар өзгеріп, азаматтарға уәде етілген сомадан әлдеқайда аз қаражат аударылған. Оның бір бөлігі алдын ала ескертілмеген комиссиялар ретінде ұсталған. Ал қаражат үшінші тұлғалардың банк карталары арқылы қайтарылған. Қазір істің мән-жайы анықталуда.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Интернет-ресурстың жұмысын қамтамасыз ету және қарыз алушылармен байланыс орнату үшін заңды тұлғаларды, телекоммуникациялық ресурстар мен техникалық құралдарды қамтитын тармақталған инфрақұрылым пайдаланылған. Тінту барысында жаппай SMS-хабарлама таратуға қолданылған SIM-бокстар мен көп мөлшерде SIM-карта тәркіленді.