VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2026

Алтыншы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәреге жетті. Бішкекте жалауын желбіреткен додада ЕЛ құрамасы 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі – алтын, 20-сы – күміс, 22-і  қола. Қазақстан қоржынына алғашқы алтындарды аударыспақ шеберлері салды. Ізін ала жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және басқа да спорт түрлерінен жүлде түсті. Ат жарыстарында да қазақстандық шабандоздар топ жарып, алтын жүлдені еселеді. Осылайша Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты. 30 алтын алған Қырғызстан екінші, 7 алтынмен Ресей 3 орынға жайғасты.