Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралады

Фото: sports.kz

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығу үшін «Бернлиден» уақытша «Челсиге» оралады, деп хабарлайды Sports.kz.

18 жастағы футболшы 2 қыркүйекте Англия Чемпионшипінің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы өткен кездесуде жарақат алған еді.

– Үздік ойыншы жарақат алды. Хабарларға қарағанда, Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы матчта алған жарақатына байланысты бірнеше апта алаңға шыға алмауы мүмкін. Ол ауыстырылған кезде аяғын ұстап шықты. Қалпына келу кезеңінде футболшы «Челсиге» оралады, ал жарақатынан айыққаннан кейін қайтадан солтүстікке аттанады, – деп хабарлады Talk BFC порталы.