Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

Фото: pixabay

«Қазгидромет» 8-10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның батыс өңірлерінде циклон ықпалынан жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы +12…+21°С-тан +7…+16°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-тан +13…+23°С-қа дейін төмендейді. Ал солтүстік-батыста түнгі температура +13…+20°С-тан +5…+15°С-қа дейін, күндіз +20…+30°С-тан +15…+25°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Елдің қалған бөлігінде жылы, жазғы сипаттағы ауа райы сақталады. Солтүстік, орталық, оңтүстік өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал Қазақстанның шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы қалыптасады.