Макинск қаласында 8 жастағы қызды көлік қағып кетті

Ақмола облысы Макинск қаласында көлік қағып кеткен 8 жастағы қыз көз жұмды. Оқушы жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Балаға медициналық көмек көрсетілгенмен,  алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда сақ болуға шақырады.