Қызылордада қала аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытынан өрт шықты. Қою қара түтін көкке көтеріліп, тұрғындар алаңдап қалды.
Бірақ мамандар өрт бос тұрған 2 резервуардан және сорғы станциясынан басталғанын айтады. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ дейді. Олар тілсіз жаудың бетін қайтару үшін 2 сағат тер төкті. Қоймадағы мұнай толы өзге бөшкелер жалыннан аман қалды.
ЖАСҰЛАН ТҮЙМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы саны 32 резервуар орналасқан. Соның ішінде сыйымдылығы 60 тонна болатын 2 резервуарда өрт шығу орын алған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Тергеу тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда өрт сынақ зертханасы тағайындалды.