Шымкентте биыл ВИЧ жұқтырған 17 әйел дені сау сәбиді өмірге әкелді

Шымкентте биыл ВИЧ жұқтырған 17 әйел дені сау сәбиді өмірге әкелді.  Дәрігерлердің жіті бақылауының нәтижесінде дүниеге келген нәрестелердің барлығының дені сау. Жалпы мегаполисте АИТВ-мен өмір сүретін  741 әйел босанған. Мамандар олардың  күйеулерін де тұрақты тексеріп тұратындарын айтады. Егер жүктілік кезінде қажетті емді дұрыс қабылдап, дәрігер бақылауында болған жағдайда вирустың анадан балаға берілу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік бар дейді дәрігерлер.

ҚОЖАХМЕТ МАШИРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖИТС  ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаладағы барлық жүкті әйелдер АИТВ инфекциясына міндетті түрде екі рет тексерумен қамтылуда.  Одан бөлек сол жүкті әйелдердің жұбайлары да АИТВ-ға тексерілуде. АИТВ анықталған жүкті әйелдер арнайы профилактикалық еммен қамтылады.