Қызылжарда екі жыл бұрын түрмеден босап шыққан қылмыскер тағы заң бұзып, қайта сотталды. Ол бұрын он екі адамды өлтіріп, 25 жыл жазасын өтеген. 2024 жылы бостандыққа шыққан соң, қаладағы компаниялардың біріне күзетші болып жұмысқа орналасыпты. Алайда, көп ұзамай ескі әдетіне қайта кіріскен көрінеді. Саяжайдан қайтып келе жатқан әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, зорламақшы болған. Абырой болғанда, жәбірленуші оның қолынан босап шығып, дереу полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары күдіктіні аталған белгілері бойынша көп ұзамай құрықтады. Екі айға созылған тергеудің нәтижесінде 62 жастағы қылмыскер тағы 9 жылға сотталды.