Ақмола облысында зейнеткерге оқ тиді

фото: pixabay

Ақмола облысында аң аулап жүрген ер адамға оқ тиіп, көз жұмды.  

Алдын ала анықталғандай, оқиға 6 қыркүйек күні Зеренді ауданындағы аңшылық маусымы кезінде болған. Көкшетау тұрғынына тиесілі мылтықтан абайсызда оқ атылып, қайғылы жағдайға әкеп соққан.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Қару иесі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.