Мұражайдан 9 млн еуроға бағаланған картиналар ұрланды

фото: DW

Францияның оңтүстік-шығысындағы Кань-сюр-Мер қаласында орналасқан Пьер Огюст Ренуар мұражайынан екі адам 4 картинаны ұрлап кеткен.

Дабыл жүйесі 8 қыркүйек күні таңғы сағат 05:48-де іске қосылған,-дейді қалалық мэр Брайан Массон.  TF1 телеарнасының мәліметінше, ұрылар картиналарды жақтауларынан кесіп алған. Қылмыскерлер бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын байқап, қашуға шешім қабылдаған. Қашып бара жатып, ұрланған картиналардың бірін тастап кеткен. Билік әзірге нақты қандай туындылардың ұрланғанын ресми түрде хабарлаған жоқ.

Сондай-ақ олардың Ренуардың өз жұмыстары немесе басқа суретшілердің картиналары екені әзірге белгісіз. Келтірілген шығын шамамен 9 млн еуроға бағаланып отыр.