Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан сыйлады

Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым Моңғолияда АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлымен кездесіп, оған қазақы нақыштағы шапан сыйлаған.

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

Блогердің сөзінше, олар табиғат аясында үш күн бірге саяхаттап, бір дастарқаннан дәм татқан. Осы аралықта олар жақыннан танысқан. Трамптың ұлы қазақстандық блогердің контентін жоғары бағалап, оның әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған. Ал Дастан оған қазақы нақыштағы шапан кигізген.

«Голливудта болмаған нәрсе, шын өмірде болып жатыр. Менің өзеннен өтіп жатқан видеомды Трамптың баласы өзі түсіріп тұр десем, найзағай ма?», - деп таңданады блогер.

Дастан Мұхамедрахым алдағы уақытта осындай кездесулер арқылы әлемге танымал тұлғаларды Қазақстанға шақырып, елдің туристік мүмкіндіктерін танытуды көздейтінін де айтқан.