«Әділет» партиясы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға ерекше мән береді.
Партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 1 миллион ауыл тұрғынының табысын арттыру жоспарланып отыр.
Осы орайда партия ауыл тұрғындарының өз кәсібін бастауына және ісін дамытуына бағытталған қолдау шараларын кеңейтуді көздейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ауыл тұрғындарының өз кәсібін дамытуына мол мүмкіндік жасалуда.
Осылайша, кәсібін бастап немесе шаруасын кеңейтемін деген азаматтарға жылдық 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие ұсынылады.
Түпкі мақсат - ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту!