Павлодардың Үлкен айналма жолындағы дөңгелек жөндеу орнында жұмыс істеп жатқан ер адамның басы жұлынып кеткен.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігіне дөңгелек орнату кезінде ол жарылып кеткен. Салдарынан жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада.