Қарағанды маңында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, екі адам ауыр жарақат алды

Қарағанды қаласының маңында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп екі адам ауыр жарақат алды. Оқиғаға автобус пен "Газель" көлігінің соқтығысуы себеп болған. Соққы салдарынан ішінде жолаушылары бар автобус жол жиегіндегі орға шығып кеткен. Төрт адам зардап шекті. Екеуінің жарақаты ауыр болғандықтан, жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екеуінің жағдайы орташа дейді дәрігерлер. Қазір апаттың нақты себебі анықталуда.