Қызылжарда элеваторда 18 жастағы жұмысшының аяғы иірменнің ішіне түсіп кеткен

Қызылжарда элеваторда тағы төтенше жағдай болды. 18 жастағы жұмысшы зардап шекті. Астықты тасымалдайтын қондырғыны жылжыту кезінде иірме жас жігіттің аяғын іліп алып кеткен.  Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер  жағдайын ауыр деп бағалады.

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Ең алдымен жарақаты барлығы тазаланғаннан кейін, сол жақ аяғының балтырының артериялық тамырларына протездеу жүргізілді. Яғни қан ұйып қалған. Қан жүрмегендіктен, аяғына толық операция жасалды. Қан айналымы қалпына келтірілді.

Науқастың жұмысқа тұрғанына бір ай ғана болған екен. Еңбек инспекциясы комиссия құрып, тексеріс жүргізбек. Айта кетейік,  бұл -екі аптаның ішінде элеваторда болған үшінші жағдай.

ӘСЕЛ АБДУҒАЛИЕВА, СҚО ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазір комиссия бұл жағдайдың себебін анықтап жатыр. Оның барысында жауапты тұлғалардың кінәсі проценттік көрсеткіш бойынша белгіленетін болады. Тексеріс жұмысы 10 күн жүргізілмек.