Астанаға үш айда 352 мың турист келген

Астанаға көшпесе де, қыдыруға келетіндер де көбейген. Биыл алғашқы үш айда 352 мың турист келген.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп. Қонақтың 70 мыңға жуығы - шетелдіктер. Қонақүй қызметі де сәйкесінше 21 пайызға өскен. Мұның басты себебі -ірі халықаралық мәдени әрі іскерлік шаралар. Биыл Астанада мыңға жуық ауқымды жиын өткен.