Қазақстандық оқушылардың PISA нәтижесі төмендеді

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2026

Қазақстандық оқушылардың халықаралық білім бағалауындағы нәтижесі көңіл көншітпейді. PISA-2025 қорытындысы бойынша Қазақстан үш бағытта да Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің орташа көрсеткішінен төмен нәтиже көрсетті. Математикадан нәтиже 2022 жылмен салыстырғанда төмендеген. Оқушылардың 44 пайызы ғана базалық талапқа сай нәтиже көрсетсе, ең жоғары нәтиже көрсеткендер небәрі 1 пайыз. Оқу сауаттылығында бұл көрсеткіш - 36 пайыз. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегі орташа көрсеткіш – 69 пайыз. Жаратылыстану ғылымдарынан оқушылардың 52 пайызы базалық талапқа сай нәтиже көрсеткен. Зерттеуге Қазақстанның 643 білім беру ұйымынан 22 мың 680 оқушы қатысты. Жалпы PISA-2025 зерттеуі 91 ел мен аумақта өткізіліп, 760 мыңнан астам білім алушыны қамтыды.