Оралда мас жүргізуші қағып кеткен әйел көз жұмды

Оралда мас жүргізуші  екі әйелді көлікпен қағып, қашып кеткен. Қайғылы оқиға Круглоозерный кентінде болды. Жол бойында келе жатқан анасы мен қызын Lada Priora көлігі қағып кетеді. Ауыр жарақат алған 31 жастағы әйел сол жерде көз жұмған. Ал анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Адам өмірін қиған кінәлі жүргізуші бірнеше сағаттан кейін ұсталды. Жүргізілген сараптама оның мас болғанын анықтады.

ӘЛИЯ НАУЫРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу БҚО ПД басшылығының бақылауында.