Шымкентте көршілер арасындағы жанжал соңы кісі өлімімен аяқталды

Шымкент тұрғыны көршісін өлтірді. Екі азаматтың арасында жанжал туып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Көршілерге не жетпеді? Керіс неден туындады? Айзада Төребекқызы айтады.

АЙЗАДА ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қайғылы жағдай осы көшеде болған. Дәл қазір марқұмды туыстары ақтық сапарға шығарып  салуға әзірленіп жатыр.  Ал соққыға жыққан көрші жігіттің үйін полиция күзетіп тұр.

Марқұм 65 жастағы Хурсандбек Турсынкуловты көрші жігітті соққыға жыққан сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған.  Бұл оқиға марқұмның 6 жасар немересінің көз алдында болыпты. Кішкентай қыз атасына араша түсіп, шырқырап жүр. 

МОМЫНЖАН ИМАМОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Ол айқайлаған «ұрма атамды, ұрма» деп көршісіне, таниды ғой енді. Соған қарамай ұрып құлатып кеткен ғой. Енді құлатып кетіп қалса мейлі ғой, құлатып, ана бала жатыр уже, жұлыны үзіліп кетсе «кетіп қалған» шығар,.. қайтадан барып тағы ұрған. Одан келіп дарбазаның алдында бір кондиционер болған . Жақында баласына там аламыз, сол кондиционерді қоямыз деген. Сол кондиционерді қолтықтап қайтып шығып кеткен үйінен. Не деген жауыздық! 

МУХАММЕД ИМАМОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Әкесі жанында болған. Әкесі ажыратпаған да даже. Наоборот баланың әкесі артқа қарап бұрылып кеткен баласы ұрып жатқызып алып... камерада тұр бәрі жатқызып алып ұрып жатқаны ерегіс неден шыққан деп айтып жатыр? Енді ерегіс бұрын дос боп жүрген, ағайыны болған. Сол бір кондиционерге таласқан дейді ғой ойда қырда. Басқа ештеңеден шықпаған ол.

Күдікті жігіттің отбасы мұнда соңғы 20 жылдан бері қоныстанғанын айтады туыстары. Ауылдастарының айтуынша, күдікті мен марқұмның ұлының арасында таяуда келіспеушілік болған көрінеді. 

БАХАДЫР ИСЛАМОВ, КӨРШІСІ:

Постоянно есірткіде жүретін адам еді да ол кісі. Сол үшін көбісі онымен жақсы тұрмайды. Біраз адамды подводить еткен адам. 

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда  жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

НҰРЛЫБЕК ӘЛІБЕКҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Марқұмның ет жақындағы кінәлінің заңға сәйкес әділ жазасын алуын талап етіп отыр.