Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 17 жастағы Әлихан Жәнібектің өліміне қатысты сот жалғасуда

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2026

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 17 жастағы Әлихан Жәнібектің өліміне қатысты сот жалғасуда. Қайғылы оқиға наурыз айында болған. Әлихан Жәнібек  кәмелетке толмағандар арасындағы топтық жанжал кезінде  кеуде тұсынан пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Бүгін сотта айыпталушы   сөз сөйлеп, өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Сөзінше, марқұмға пышақ жарақатын өзін қорғау мақсатында салған, қаза болған жасөспірімнің ата-анасынан кешірім сұрады. 

ГҮЛЗИРА КОЧЕРБАЕВА, ПРОКУРОР:

2026 жылдың 19-наурызында, сағат 23/51 шамасында Ерсайынов қолына ұстап қаруланған аңшылық «Гете» фирмасынының қабы бар пышағымен жәнібековтың өмірге маңызды сол жақ кеуде тұсына қарай бағыттап жеткілікті күшпен 1 рет қатты соққы жасап, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.

Прокурор айыпталушының бұған дейін де істі  болғанын жариялады. Ол  былтыр жазда бұзақылық  жасап, қылмыстық құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылған. 11-сыныпты бітіріп, оқуға түсуге дайындалып жүрген баласынан қапыда көз жазып қалған  ата-ана  болса ауыр қылмыс жасаған адам тиісті жазасын алсын дейді.