Көлік министрлігінің екі қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, шенеуніктер рұқсат етілген салмақ нормасынан асатын жүк көліктерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткен. Ал жұмысы үшін кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден астам пара алған көрінеді. Қазіргі таңда іс заң шеңберінде қаралуда.
ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Сот санкциясымен аталған тұлғаларға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.