Қытайда кене арқылы тарайтын қауіпті вирустың жаңа түрі анықталды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2026

Қытайда кене арқылы тарайтын қауіпті вирустың жаңа түрі анықталды. Жергілікті ғалымдар зертханалық тексеріс жүргізіп, инфекция қоздырғышын сырқаттардың қанынан бөліп алған.  Мамандардың айтуынша, жұқпалы вирус адам ағзасына түскен сәтте дене қызуы күрт көтеріліп, асқазан мен ішек жолдары зақымданады. Сырқаттың белгілері мал ауруларына өте ұқсас өтеді. Қауіпті инфекция кене шағу арқылы адамдарға да, төрт түлікке де бірдей жұғады. Қазір зерттеушілер дерттің таралу аймағын жан-жақты зерделеп, сақтану жолдарын қарастырып жатыр.