Бангладеште қызылша дертінен 1000 адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2026

Ал Бангладеште қызылша дерті өршіп, елді үлкен тығырыққа тіреді. Індеттен 1000-ға жуық адам көз жұмған, оның дені-  балалар. Негізі бұған дейін Бангладеш аталған ауруды жеңген еді. Тіпті елдің екпе егу жүйесі де халықаралық деңгейде үлгі саналған. Алайда алдымен пандемия, кейін 2024 жылғы ішкі тоқырау мен шерулер жаппай вакцинация бағдарламасын аяқасты тоқтатты. Соның салдарынан халықтың ауруға қарсы иммунитеті күрт төмендеп кеткен. Қазір тұрғындар ем таба алмай, аурухана аралап сабылуда. Медицина мекемелерінде орын да тапшы. Себебі қызылшадан бөлек Денге безгегі де өршіп, 45 мыңнан астам адам ауруханаға түскен. Екі бірдей індетпен қатар күресіп жатқан мемлекеттің денсаулық сақтау саласына қазір аса ауыр салмақ түсіп отыр.

МҰХАММЕД РИПОН, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:

Өткен айдың 8-і қызымды осы ауруханаға жатқызып, 13-інде емделіп шыққан едік. Дәрігерлер жазылғанын айтқан соң үйге қайттық. Жазып берген дәрілерін уақытымен беріп жүрдік. Бірақ бірнеше күннен соң денесіне қайтадан бөртпе шығып, қызылша белгілері қайта басталды. Ауруханаға қайта апарып едік, дәрігерлер де дерттің неден болғанын нақты айта алмай отыр.