"Ел үшін мәдениет концерт, театр немесе музеймен ғана шектелмейді",- депутат

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2026

Ел үшін мәдениет  концерт, театр немесе музеймен ғана шектелмейді. Құрылтай депутаты Ерлан Сайырдың пікірінше, мәдениет күнделікті қарым-қатынастан басталады. Осыған байланысты ол мектептерде амандасу әдебін тәрбие жұмысының тұрақты бөлігі ретінде енгізуді ұсынды. Депутат қазақ қоғамында амандасудың өзіндік қалыптасқан жүйесі әрі дәстүрдің діңгегі болғанын  да атап өтті.

ЕРЛАН САЙЫР, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақ сәлемдесуінің басты ерекшелігі ұстамдылық. Сәлемдесу – сол мәдени кодтың ең қарапайым, бірақ ең терең белгілерінің бірі. Ал мәдени код үлкен ұрандардан емес, күнделікті әдеттен басталады. Сондықтан бұл мәселені бір реттік акция немесе тәрбие жұмысы ретінде емес, ұлттық бірегейлікті нығайтатын ұзақ мерзімді мемлекеттік мәдени саясаттың бір бағыты ретінде қарастыру маңызды.