Кәсіп ашып, табыс табамын деген қыз-келіншектерге мүмкіндік мол

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2026

Кәсіп ашып табыс табамын деген қыз-келіншектерге  мүмкіндік мол. Таразда "Әділет" партиясының ұйымдастыруымен өткен «ӘЙЕЛ. ЕҢБЕК. ТАБЫС» тақырыбында бұл туралы кеңінен айтылды. Бизнеске бейім немесе ісінің ауқымын кеңейткісі келген  жандарды оқыту, қаржыландыру, құқықтық және ақпараттық кеңес беру, цифрлық құралдарды меңгерту және өнімді өткізуге қолдау көрсету тетіктерін күшейту ұсынылды. Сонда ғана өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған әйелдердің әлеуеті артады дейді жиналғандар. Кәсіпкерлікті  қаржылай қолдаумен ғана шектелмей, әйелдің кәсібін бастап, оны тұрақты табыс көзіне айналдырғанға дейін сүйемелдеу керек. Көп жағдайда қыз-келіншектер шағын кәсіпті үй жағдайында бастап, өз өнімін немесе қызметін ұсынғанымен, оны заңдастыру, дамыту, нарыққа шығару және тұрақты клиенттік база қалыптастыру барысында түрлі қиындықтарға тап болатын көрінеді. Жиында айтылған ұсыныстар назарға алынды. Әйелдердің табысын арттыру үшін «Әділет» партиясында түрлі жобалар мен гранттар бар.  

АМИНА ҚАЙНАЗАРОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жоба республика бойынша әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту бойынша ең үздік жоба болып танылды. Апта сайын біз кәсіпкерлерді оқытамыз, кәсіпті ашамын деген оймен келетін қыз-келіншектерге кеңес береміз оқытамыз. Қандай инструментер бар соны түсіндіреміз. Гранттар беріледі. Кез келген әйел сол градтарға тапсырыс бере алады. Грант сомасы 5 млн теңгеге дейін.