Астанадағы 60-тан астам аула абаттандырылды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2026

Елордада аулаларды жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 60-тан астам аула абаттандырылды. Ескірген алаңдардың орнына балалар ойын кешендері мен заманауи спорт аймақтары бой көтерді.

Елордада тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 60-тан астам аула толығымен абаттандырылды. Жылдар бойы жөндеу көрмеген ескі аулалардың бірі толығымен жаңарып, заманауи демалыс әрі спорт кеңістігіне айналды. Ауланың өзгеше кейпіне жергілікті тұрғындар дән риза.

АНАТОЛИЙ МИШЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мұнда тұрғаныма 34 жыл болды. Содан бері ауламыз бірде-бір рет жөндеу көрмеген еді. Бұрын ескі орындық қана бар болатын. Осы жазда бәрін әдемі етіп жасап берді. Ауламыз кеңейіп, балалар көбейді. Спортпен шұғылдануға арналған негізгі тренажерлар мен турниктер де орнатылды. Өзгеріске өте қуаныштымыз.

Жоба аясында бұқаралық спортты дамытуға арналған арнайы аймақтар да ескерілген. Ағаштар ретке келтіріліп, заманауи футбол алаңы пайдалануға берілген.

НАТАЛЬЯ ИУТИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жуырда балалар алаңқайын толықтай жаңартып берді. Жұмыс өте ұқыпты әрі әдемі . Сондай-ақ спорт алаңы бой көтеріп, тренажерлар қойылды және футбол алаңына жаңа газон төселді. Ауламыз таза, сәнді әрі өте жайлы болып қалды.

Жаңарған аула тек жергілікті тұрғындардың емес, маңайдағы оқу орындары студенттерінің де сүйікті демалыс орнына айналған.

АДЕЛЬ ЖЕКСЕМБИНОВА. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы маңдағы колледжде оқимын. Абаттандыру жұмыстары өте сапалы әрі тұрғындарға деген қамқорлықпен жасалғаны көрініп тұр. Достарыммен бірге осы алаңда жиі демалып, уақытымызды қызықты өткіземіз.

Қала әкімдігі жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды жоспарлап отыр