Жамбыл облысында полицей тұрғынды пышақтап тастады. Оқиға Шу ауданында болған. Тәртіп сақшысы мен тұрғын жанжалдасып, соңы төбелеске айналған. Полицей көлік жүргізушіге пышақ ала жүгірген. Жәбірленуші жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Бұл жағдайдан кейін аудандық полиция бөлімінің басшысы мен оның орынбасары қызметтен шеттетілді. Ал, суық қару қолданған тәртіп сақшысы қамауға алынды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Шу қаласының тұрғынына ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел уәкіл ішкі істер органдарынан теріс себептер бойынша қызметтен босатылды. Бірқатар басшы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.