Гиннесстің рекордтар тізімі жаңартылды

Фото: Guinness World Records Handout via Reuters

Әйгілі кітап әлемнің түкпір-түкпірінде тіркелген бірнеше жоғары көрсеткішпен толықты.

Олардың ішінде бойы 199 сантиметр алып жылқы бар. Ұлыбританияда өсірілген жануар шайр тұқымына жатады.

Бұдан бөлек, көлемі бір бөлмедей болатын шаш кептіргіш елде жоқ құрал ретінде тізімге енді. Оны жасау үшін өндірісте қолданатын желдеткіш пайдаланылған.

Ал жаңазелендиялық Эмма Филлипс 33 секунд тоқтамай үстелді аяғымен 77 рет айналдырған.

Сондай-ақ бір адамға арналған ең кішкентай автокөлік те жаңа рекордтардың қатарынан көрінді.