Қазақстанда медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды.
Бұл Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және ІІМ ақпараттық жүйелерін біріктіру нәтижесінде анықталған.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, көлік жүргізуге болмайтын аурулар тізіміне нозологияның 8 түрі кіреді. Мұндай азаматтарды анықтау жұмысы жалғасады.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезіндегі медициналық тексеру цифрландырылды. Анықтамалар электронды форматқа көшіріліп, медициналық комиссия қорытындысы ақпараттық жүйеде тіркеледі.