Бүгіннен бастап «Алматы – Бішкек» автожолының 25-шақырымында ірі габаритті көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Шектеу Қаскелең қаласы маңындағы жол айрығын салу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Жаңа талап биіктігі 4,5 метрден және ені 8 метрден асатын ауыр жүк көліктеріне қатысты. Ал жеңіл және қоғамдық көліктер қалыпты режимде қатынай береді.
Мамандар жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды пайдалануға кеңес береді. Шектеу құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін, яғни жыл соңына дейін күшінде болады.