Проблемалық кредиттер 1,9 трлн теңгеге жетті
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан банктеріндегі халық кредиттерінің жалпы көлемі 26,1 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде 90 күннен астам мерзімі өткен проблемалық кредиттер 1,9 трлн теңге болды. Бұл қарыздардың 60,7%-ы осы резерв есебінен жабылған. Бұл туралы Astana TV хабарлады.
Ресми статистика бойынша 1 шілдеде халықтың банктердегі кредит портфелі 25,8 трлн теңге, оның ішінде тұтынушылық қарыз 17,3 трлн теңге болған. Халықаралық валюта қорының бағалауынша, 2025 жылдың қазанында елдегі тұтынушылық кредиттің жылдық өсімі 25%-ға жеткен. ХВҚ мұндай жоғары қарқын үй шаруашылықтарының қарыз жүктемесіне алаңдаушылық білдіріп, 2026 жылғы маусымда халыққа берілетін кредит өсімінің баяулағанын айап өтті. Бірақ қаржы тұрақтылығын сақтау үшін халықтың шамадан тыс қарыздану тәуекелдерін бақылай түсу маңызды екенін айтты.
Бұған дейін, қазақстандықтарға бүгіннен бастап зейнетақы жинағын басқаруға жаңа мүмкіндік берілетінін жазған едік.