Жетісу облысында құмар ойынға құмартып, миллиондаған теңге жұмсаған шенеуніктер жұмысынан қуылды.
Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бағытында талдау жүргізіп, нәтижесінде букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға құмартып, бәс тіккен мемлекеттік қызметшілерді анықтады.
Прокуратураның мәліметінше, шенеуніктер ойын шотына жалпы сомасы 7,7 млн теңгеден астам ақша салған.
«Енгізілген прокурорлық ден қою актісін қарау нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен екі лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Олардың бірі – еңбек өтілі 20 жылдан асатын аудандық бөлімше басшысы», – делінген прокуратураның хабарламасында.