Жаңаөзен ауруханасы 2 төсекті 210 млн теңгеге сатып алған

Жаңаөзенде қалалық ауруханаға демеушілер берген қаржы жымқырылған. Былтыр өңірдің денсаулық сақтау басқармасы "ҚазМұнайГаз"-дан күйік бөлімін ашу үшін көмек сұраған. Компания осы мақсатқа 223 млн теңге бөлген. Алайда жоба алғашқы жоспардан ауытқып, 210 млн теңгеге тек екі төсек алдық деп есеп берген. Тергеу дерегінше, заңсыз іске қалалық аурухана директорының орынбасары, «Жарылқау» қоғамдық қоры басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің экс-орынбасары және өнім берушінің қатысы бар. Ақша жымқырғандар кереуеттерді іс жүзінде 92 млн теңгеге алған. Қалған қаржыны өзара бөліскен. Елордадан пәтер алып, өзге туыстарының атына рәсімдеп үлгерген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегімен тергеу басталды. Үш күдікті қамауға алынды. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде 3 пәтерге, 2 тұрғын үйге және автокөлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.