Елде жылына үш мыңға жуық бала өте ауыр диагнозбен туады

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2026

Елімізде жылына 330 мыңдай сәби дүниеге келсе, оның үш мыңға жуығы өте ауыр диагнозбен туады. Мұндай күрделі жағдайлардың себебін анықтап, алдын алу үшін отандық педиатрияға заманауи емдеу мен ерте диагностикалау әдістерін енгізу маңызды. Осы орайда Астана медицина университетінің халықаралық конференция ұйымдастырды. Жиынға жиналған отандық және шетелдік білікті дәрігерлер балалар денсаулығын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, генетикалық және метаболикалық ауытқуларды ерте жастан анықтау, цифрлық технологияларды енгізу жайы сөз болды. Сондай-ақ халықаралық хаттамаларға сүйене отырып, күрделі диагноздарды емдеу тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

САҒИРА АБДРАХМАНОВА, АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Балалардың арасындағы бүгін өте көп кездесетін аурулар көп. Аутизм деп жатырмыз, өте бір балалар арасында көбейіп кетті. Оның себебі, оны қалай емдейді - бәрі бүкіл дүние жүзінде талқыланып жатыр.  Бұрынғы 20 жыл бұрын көп ауруларға көзқарас басқа еді, бүгін ол мүлдем өзгеріп жатыр. Бүгін жаңа технологиялар, жаңа әдістер емдеу, соның бәрі бүгін бізде болып жатыр.