Президенттің "Кітап оқитын ұлт" тұжырымдамасы елдің интеллектуалдық болашағына бағытталған маңызды қадам. Астана тұрғыны Арнұр Шияпұлы кітап білім мен парасатты ұлттық дамудың өзегіне айналдырады дейді. Жас педагог 344 күн бойы бірде-бір тәулік үзбей кітап оқып келеді. Ал астаналық алтын құрсақты ана Айнұр Бұлақбай отбасында кітап оқу дәстүрін қалыптастырған. Кітаппен ғұмыр кешіп, оны кейінгі буынға аманат етіп жүрген осындай жандар арамызда жетерлік.
НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:
Алты бала тәрбиелеп отырған ана күнделікті қарбаласқа қарамастан, әр перзентіне уақыт бөліп, бірге кітап оқуды дәстүрге айналдырған. Ол өз үйінің берекесін қашырмай, өзге де өреренді көркем әдебиетке баулыған жандардың бірі.
АЙНҰР БҰЛАҚБАЙ, ФИЛОЛОГ:
Ата-ана жауапкершілігін өзіңе ала отырып, балалны міндетті түрде кітап оқуға қарай жетелеу керек. Абай атамыздың да кітабында бар ғой, бала бірджен кітапты оқып кетпейді. Білімге әуелі қиындықтармен алып барасың. Көкірек көзі ашылса, ары қарай өзі бұлақтан суды іше береді. Әңгіліп жатса да оның құлағы ашық, құлағы ашық балаға сіңіре берген дұрыс. Мен күніне бір уақыт балама аңыз айтып отырдым.
Кейіпкеріміз қазақтың қисса-аңыздары мен ауыз әдебиетінде үлкен құдірет бар деп есептейді. Сондықтан бала ұғымына алдымен өлең сөзді сіңіруді жөн көреді. Бүгінгі цифрлық заманда кітапқа деген қызығушылықты ояту оңай емес. Соған қарамастан, ол әлеуметтік желіде оқырманға тартымды контент ұсынып, шығармаларды талдауды әдетке айналдырған. Кейбір оқырмандарға терапиялық әсер беріп, күйзелістен шығуға көмектескенін жеткізіпті. Ол - қазақша сапалы аударма аз деген пиғылмен келіспейді, керісінше, оқырманға ұсынылатын әр туындыны сұрыптап, кітапханасын тексерілген еңбектермен толтырады.
АЙНҰР БҰЛАҚБАЙ, ФИЛОЛОГ:
Мемлекет тарапынан да балалардың кітап оқуына өте жақсы көіл бөлініп жатыр. Соған байланысты біздің классик жазушылардан қай кітаптарды балаларға оқыттуға болады деген өзімде сұрақ бар да, соны сауал ретінде өзім де ізденіп жүремін. Қайсысы жеңілдеу тілі, баланың түсінік пайымына, ойлау қабілетіне, осы шығарма авторы ретінде де шығарма ретінде де болады ма деп соларды жинақтаймын.
НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:
Кітап оқуды өмірлік әдетіне айналдырған жастардың да қатары сиреген емес. Бірде-бір күнін парақталған парақтарсыз, танымдық туындыларсыз өткізбейтін нағыз кітапқұмар қазір менің жанымда Арнұр мырза, сәлеметсіз бе! Жалпы, күніне кітапқа қанша уақыт арнайсыз?
АРНҰР ШИЯПҰЛЫ, ПЕДАГОГ:
Негізі күніне қанша уақыт арнайтынымды айта алмаймын. Нақты бір уақыт жоқ. Оянғннан кейін оқысаңыз өте керемет. Өйткені, басыңыз тұнық болып тұрады. Біз күнделікті өзіміз оқыған парақ санын белгілеп отырамыз. Бұл негізі адамға шабыт береді десек те болады. Сіз мысалы үздіксіз кітап оқып жүрсеңіз және ол көрініп тұрса, сіздің қасыңызда жүрген жандар сол бір сандарды көріп, бәлкім оқуға деген шабыты оянар деген ой ғой.
Арнұрдың оқу мәдениетін үзбей ұстанып келе жатқанына бүгін тура 344 күн. Ол достарымен бірге арнайы мобильді қосымша арқылы оқылған беттерді белгілеп, өзара жарысу арқылы өзгелерге де серпін беріп келеді. Оның пайымдауынша, бос уақытымда кітап оқимын деу жаңсақ ұғым, өйткені бұл іске арнайы уақыт бөлінуі тиіс. Сондықтан ол өз ортасын да білімге құштар жандармен толықтыруды жөн көреді.