Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежіне шыққан көліктер жол ережесін бұзды

Polisia.kz

Тоқсаныншы жылдардағы тойды еске түсірді

Ақтөбеде 90-жылдардағы той кортежі полиция назарына ілікті, — деп хабарлайды  Astana TV.

 Әлеуметтік желілерде 90-жылдардағы тойларды еске түсіретін бейнежазба қызу талқылануда. Кадрларда сол кезеңнің стилінде безендірілген көліктер мен тойдың қарапайым көріністері бейнеленген. Алайда мерекелік көңіл-күй жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кедергі болмауы тиіс. Полиция қызметкерлері бейнежазбаға жүргізілген мониторинг барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады.

Атап айтқанда, жолаушыларды көлік кабинасынан тыс тасымалдау, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық беру аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын бұзу фактілері тіркелді. Құқық бұзушылардың барлығы анықталып, олардың Қарғалы ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Заң талаптарын бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қандай жағдай болмасын, жол қозғалысына қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтауы қажет екенін еске салады.
Бұған дейін, Астанада тағы бір көше жабылатынын жазғанбыз.