Баскетболшыларымыз Азия ойындарындағы екінші ойынын өткізді

Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан Филипинге есе жіберді

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында баскетбол бәсекесі жалғасуда.  ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Astana TV хабарлады.

С тобында өнер көрсетіп Қазақстан ерлер құрамасы екінші ойынын Филиппинге қарсы өткізіп, 78:109 есебімен қарсыластарына жол берді.

Енді отандастарымыз топтағы шешуші кездесуінде 14 қыркүйек күні Бахрейнмен жолығады.

Баскетбол бәсекесі басталғанымен, Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына 7 күн қалды. Ашылу рәсімі 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы «Nagoya City Mizuho Park Athletic» стадионында өтеді.

Бұған дейін, «Бернли» бапкері Дастан Сәтпаевтың алаңға қашан шығатынын айтқанын жазған едік.