Алматы облысында құтқарушылар шатқалда адасып кеткен тоғыз адамды тапты
Қарасай ауданында Известковое шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан - екі мұғалім мен жеті оқушыдан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Astana TV хабарлады.
Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.
Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды.
Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге - автотұраққа дейін алып шықты.
Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бұған дейін, Абай облысында 9 жасар бала ата-анасынан жасырынғанын жазған едік.