Ақмарал Ерекешева жеке рекордын жаңартты
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, ересектер арасындағы әлем чемпионатында өзінің жақсы қырынан көрсете білген Ақмарал Ерекешева Grand Prix BRNO жарысының көпсайысында үздік үштікке енді, деп хабарлайды Astana TV Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Отандасымыз өз мансабындағы жеке рекордын жаңартып, 116.500 (Франкфурттағы әлем чемпионатында 115.800 ұпай) ұпай жинады.
Таисия Онофрийчук (Украина) - 117.900 ұпай
Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 116.500 ұпай
Лилиана Левинска (Польша) - 108.250 ұпай
Аталмыш дода 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Енді спортшымыз төрт бағдарлама бойынша жекелей сайыстың финалында өнер көрсетіп, жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында бақ сынайды.
Аичи-Нагоядағы көркем гимнастиканың бәсекесі 1-3 қазанға жоспарланған.
Бұған дейін, баскетболшыларымыз Азия ойындарындағы екінші ойынын өткізгенін жазған едік.